Қазақстанда терроризммен күресу үшін 900 млн доллар көлемінде ақша бөлінеді
Қазақстан үкіметі алдағы бес жылда елде экстремизм және терроризммен күресу туралы мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру үшін шамамен 900 млн доллар ақша бөледі.
Орталық Азияның хабар торабы сәрсенбі күні Қазақстанда экстремизм және терроризммен күресу үшін мемлекеттік бағдарлама жобасының дайындалғанын хабарлады.
Аталмыш жоба туралы ашық келіссөздер Қазақстан Парламентінде ақпан айының 6-на дейін жалғасады. Қазақстан үкіметі экстремизм және терроризммен күрес бағдарламасын жалпы бюджет пен басқа да заңды қорлар арқылы қамтамасыз етуді көздеуде.
Қазақстан президентінің бұйрығына сәйкес, терроризм мен діни экстремизммен күрес туралы мемлекеттік бағдарлама 2013-2017 ж.ж. дайындалып, жүзеге асырылуда.