Назарбаев Қазақстанның Қауіпсіздік кеңесін өмір бойы басқаратын болады
(last modified Tue, 06 Feb 2018 08:47:09 GMT )
Ақп 06, 2018 14:47 Asia/Almaty
  • Назарбаев Қазақстанның Қауіпсіздік кеңесін өмір бойы басқаратын болады

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елінің Қауіпсіздік кеңесін өмір бойы басқаратын болады.

"Fars" агенттігінің мәліметі бойынша, Қазақстан Парламенті елдің Қауіпсіздік кеңесі туралы заңды қарастырды. Заң бекітілген жағдайда,  Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстанның Қауіпсіздік кеңесіне өмір бойы төрағалық ету құқығы беріледі.

Қазақстанның Қауіпсіздік кеңесін 1991 жылы Назарбаев құрды.

Бұл орган ұлттық қорғаныс пен қауіпсіздік, тәуелсіздік пен территориялық тұтастықты  қорғау, қоғамдық және саяси тұрақтылықты, сондай-ақ, Қазақстан азаматтарының негізгі құқықтары мен азаттығын қамтамасыз ету салаларында шешім жолдарын әзірлеу бойынша жұмыс істейді.

Қазақстанның Қауіпсіздік кеңесіне ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев басшылық етеді.