Қазақстан өз азаматтарына қарсы киберлік тыңшылық жасады деген айыпты теріске шығарды
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i34747
Қазақстанның Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті мен ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі америкалық бір ұйымның Қазақстанның саяси қарсыластары мен журналистеріне қарсы тыңшылық жасады деген айыптарын теріске шығарды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 13, 2018 11:19 Asia/Almaty
  • Қазақстан өз азаматтарына қарсы киберлік тыңшылық жасады деген айыпты теріске шығарды

Қазақстанның Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті мен ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі америкалық бір ұйымның Қазақстанның саяси қарсыластары мен журналистеріне қарсы тыңшылық жасады деген айыптарын теріске шығарды.

Fars хабар агенттігінің мәліметі бойынша, Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік Комитеті мен Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жеке-жеке жариялаған мәлімдемелерінде «Электронды шекаралар қоры» (EFF) деп аталатын Американың адам құқығы ұйымының "Астана 2015 жылы тыңшылық жобасын платформасын қолданды" деген айыптарын теріске шығарды.

Қазақстанның ҰҚК-ның мәлімдемесінде: «Бұл ұйымда "Манул" операциялары және Dark Caracal тыңшылық платформасын пайдаланғаны туралы ешқандай мәлімет тіркелген жоқ. Америкалық ұйымының осы жобаны қазақстандық саяси қарсыластар мен ел азаматтарының отбасыларына қарсы қолданғаны туралы уәждер шындыққа жанаспайды» деп жазылған.

Қазақстанның Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі де Dark Caracal тыңшылық платформасын қолданғаны туралы бұл елде еш мәліметтің жоқ екендігін хабарлады.

2018 жылдың қаңтар айында Электронды шекаралар қорының ұйымы Lookout компаниясының серіктестігімен бүлдіргі программаларға ие Dark Caracal тыңшылық платформасы туралы хабарлады.

Бұл платформа шамамен 2012 жылдан бері жұмыс істеп, әртүрлі үкіметтерге өз елдерінің азаматтарына қарсы тыңшылық жасау үшін ұсынылуда.