Қазақстан ДАИШ мүшелерінің Ауғанстанға өтіп жатқанына алаңдаушылық білдірді
(last modified Sat, 17 Feb 2018 17:14:32 GMT )
Ақп 17, 2018 23:14 Asia/Almaty
  • Қазақстан ДАИШ мүшелерінің Ауғанстанға өтіп жатқанына алаңдаушылық білдірді

Қазақстан президенті ДАИШ мүшелерінің Ауғанстанға ауысып жатқанына алаңдаушылық білдірді.

Mehr хабар агенттігінің «Спутник» агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Қазақстан президенті Назарбаев CCTV телеарнасына берген сұхбатта ДАИШ лаңкестік тобының Сирияда жеңіліс тапқанын қуаттап, осы топ мүшелерінің Сирия мен Ирактан Ауғанстанға ауысып жатқанына алаңдаушылық білдіріп: «ДАИШ-тың белгілі бір аумағы жоқ. Бірақ олар басқа аймақтарға, соның ішінде Ауғанстанға ауысып жатыр. Бұл бізді қатты алаңдатады. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше Орталық Азия елдері ынтымақтастық жасап, осы сұм құбылысқа тосқауыл қоюымыз керек. Ауғанстан біздің жақын көршіміз. Біз бұл елдің жолын Пәкістан мен Үндістанға экспорттау үшін пайдалана аламыз. Бүгінде Ауғанстанның ішкі қауіпсіздігі осал. Олар  мұнай мен газ құбырларының қауіпсіздігіне кепілдік бере алмайды. Сол себепті біз Ауғанстанның тұрақтылығын ортақ мүддеміз санаймыз» деді.