Қазақстан мен Өзбекстан әскери ынтымақтастықтарын арттырады
Шіл 15, 2018 21:15 Asia/Almaty
Қазақстан мен Өзбекстанның Қорғаныс министрлері екі жақты әскери ынтымақтастықтарды кеңейту жолдары туралы пікір алмасты.
Қазақстанның Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов жексенбі күні өзбекстандық әріптесі, генерал-майор Абдусалом Азизовпен Алматыда кездесіп, пікір алмасты. Өзбекстан делегациясы кездесу аясында Қазақстанның Қорғаныс министрлігіне қарасты әскери нысандарды, соның ішінде «Жетіген» оқу орталығын, Радиоэлектроника және коммуникация әскери инженерлік институтын аралады. Сондай-ақ, екі елдің Қорғаныс министрлері арнайы тактикалық оқу-жаттығуларының дайындығына қатысты.