Каспий жағалауындағы бес ел басшыларының саммиті Қазақстанда өтеді
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i38304-Каспий_жағалауындағы_бес_ел_басшыларының_саммиті_Қазақстанда_өтеді
Каспий жағалауындағы бес ел басшыларының саммиті тамыздың 12 күні Ақтау қаласында өтеді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Шіл 18, 2018 15:18 Asia/Almaty
  • Каспий жағалауындағы бес ел басшыларының саммиті Қазақстанда өтеді

Каспий жағалауындағы бес ел басшыларының саммиті тамыздың 12 күні Ақтау қаласында өтеді.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, бес мемлекет дипломатиялық каналдар арқылы саммитке қатысуға дайын екендіктерін растады.

Каспий жағалауындағы елдер басшыларының Ақтауда өтетін бесінші саммитінде Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі  туралы құжатқа қол қойылады.

Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін анықтау – аталмыш теңіз жағалауындағы мемлекеттердің негізгі мәселесі. Каспий жағалауындағы мемлекеттер бұл тақырыпқа қатысты осы уақытқа дейін 4 саммит пен 51 жұмыс тобының отырысын өткізді.