Қазақстан үкіметі халықтан қару сатып алу жобасын іске асыруды ұйғарды
Сәу 06, 2016 19:55 Asia/Almaty
Қазақстан республикасының ІІМ үкімет қылмыстың алдын алу және қауіпсіздік жағдайын жақсарту мақсатында халықтың қолындағы қару, оқ- дәрі және жарылғыш заттарды сатып алу жобасын іске асыратынын мәлімдеді.
Осы жоба бойынша, өз еркімен қару мен оқ- дәрілерін тапсырған Қазақстан азаматтары егер бұрын қылмыс жасамаған болса, жазаланбайды. 2016 жылдың қаңтар айының басынан оқпен атылатын қаруды сақтау және өзімен алып жүру Қазақстанда қылмыстық іс саналады. Қазақстан халқы 2015 жылы 47 мыңға жуық қаруды өз еркімен үкімет өкілдеріне тапсырды.