Қазақстанда «Халықаралық Әскери Ойындар-2018» рәсімінің ашылу салтанаты өтті
Там 02, 2018 21:15 Asia/Almaty
Қазақстанның оңтүстігіндегі «Отар» әскери полигонында «Халықаралық Әскери Ойындар-2018» рәсімінің ашылу салтанаты осы елдің Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзақовтың қатысуымен өтті.
Шарада Қазақстан, Ресей, Иран, Әзірбайжан, Венесуэла, Зимбабве, Қырғызстан, Қытай, Сирия, Тәжікстан, Өзбекстан мен Беларусь елдерінің 12 командасынан құралған 88 адам сайысқа түседі.
Қазақстанның Қорғаныс министрі ашылу рәсімінде сөйлеген сөзінде қатысушылардың үлкен санының тиімді тәжірибелермен алмасуға себеп болатынын мәлімдеді.
ИИР Армиясының ұшқышсыз басқарылатын топтары мен Ислам революциясы Сақшылар корпусының жауынгерлері сайысқа бүгін түседі.