Астана Қазақстан-Түркіменстан-Иран темір жол бағытын дамыту қажеттігін қуаттады
Қазақстан Республикасының СІМ Қайрат Әбдірахманов Астанаға ресми іс-сапармен келген үндсітандық әріптесі Сушма Свараджбен өткізген ортақ баспасөз конференциясында сөйлеген сөзінде екі елдің тасымал саласындағы, соның ішінде Үнді мұхитына шығу үшін Иран айлақтарының мүмкіндіктерін пайдалану мақсатында Қазақстан-Түркіменстан-Иран темір жол бағыты құрылысын аяқтау ісінің шынайы түрде жалғасатынын айтты.
Anadolu ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстан-Түркіменстан-Иран темір жол бағытының құрылысы 2014 жылдың соңында басталған. Бұл темір жол бағыты құрылысының аяқталуымен ҚХР-нан Орта Азияға дейінгі Шығыс елдері және Батыс елдері, әсіресе Батыс Еуропа елдері арасындағы халықаралық сауда-саттық тасымал бағыты құрлық бойынша шамамен 10 000 шақырымға қысқаратын болады.