Қазақстанда 80-нен астам шетелдік арнаның қызметі тоқтатылды
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i38619-Қазақстанда_80_нен_астам_шетелдік_арнаның_қызметі_тоқтатылды
Қазақстан Республикасының Ақпарат және байланыс министрлігі елдегі 88 шетелдік арнаның қызметін тоқтатқанын хабарлады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Там 11, 2018 16:44 Asia/Almaty
  • Қазақстанда 80-нен астам шетелдік арнаның қызметі тоқтатылды

Қазақстан Республикасының Ақпарат және байланыс министрлігі елдегі 88 шетелдік арнаның қызметін тоқтатқанын хабарлады.

Қазақстанның Ақпарат және байланыс министрлігі жұма күнгі мәлімдемесінде бұл шешімнің себебін шетелдік арналардың Қазақстан заңдарын сақтамауы деп атады.

Қазақстанда қызмет ұсынып жатқан барлық шетелдік телерадио арналар осы ел Парламенті тарапынан қабылданған жаңа заңға сәйкес, 2018 жылдың тоғызыншы тамызына дейін жеке немесе заңды тұлға ретінде тіркеліп, өз өкілдігін ҚР Ақпарат және байланыс министрлігіне таныстыруға міндетті болатын.

Қазақстандағы қызметіне тосқауыл қойылған  арналардың ішінде Russia Today (RT), Bloomberg, Sky News, Fox News секілді арналар бар.

Қазақстан үкіметінің күресіп жатқан мәселесі жаһандану құбылысынан кейін пайда болған үкіметтердің алдындағы бұқаралық ақпарат құралдарын басқару деп аталатын негізгі қиындықтардың бірі саналады.

Бұл кезеңде байланыстардың ғаламдануы үкіметтердің түрлі БАҚ-ты бақылау қабілеттерін қатты төмендеткен. Басқаша айтқанда, бұқаралық ақпарат құралдары өздері орналасқан үкіметтердің алдында есеп берместен, өз бағдарламаларын әзірлеп, оларды тарататындай қабілетке ие болып отыр.

Бұл іс ішкі ақпарат құралдарына байланысты заңдар бекітіліп, сол заңдарды жүзеге асыру арқылы іске асып жатса, шетелдік ақпарат құралдарына байланысты сол елде орналасқан өкілдіктерді пайдалану және ақпарат алмасу немесе заңдарды сақтамаған жағдайда олардың белсенділігіне тыйым салу түрінде көрініс табуда.

Қазақстан үкіметі де дәл осылай өз территориясында орналасқан бөгде ақпарат құралдарының қызметін бақылауға алуды көздеп отыр.

Барлау ұйымдарымен байланысы кейбір ақпарат құралдарының бүлдіргі әрекеттеріне байланысты үкіметтер басқаруға  қабілетсіз болған жағдайда өздеріне қарсы бүлдіргі әрекеттерді жетілдіруді мүмкін ету үшін жан-жақты халықаралық заңдар қабылдау қажет емес пе?

Бұқаралық ақпарат құралдарының бақылаусыз жасап жатқан қызметін жақсы басқарудың бір бөлігі және дамудың бір принципі саналатын ұғымға қайшы келесі жайтты есте сақтаған маңызды. Таяу Шығыс және Африка елдерінің басым бөлігінде таратылатын жалған хабарлар саяси-әлеуметтік тұрақсыздықтардың пайда болуы мен даму үдерісіне нұқсан келтіруге себеп болып жатады.

Сонымен қатар, сарапшы Санди Смиттың пайымдауынша, жалған ақпараттар көптеген бүлдіргі әрі зиян салдарын тигізетін бұқаралық ақпарат құралдары бостандығының алдында тұрған негізгі кедергі мен қиындыққа айналған. Бұл жаңа құбылыс емес. Алайда сандық ақпараттар ғасыры оны бақылау мүмкіндігін қиындатып отыр.