Зариф Қазақстанға аттанды
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i38623-Зариф_Қазақстанға_аттанды
ИИР Сыртқы істер министрі Каспий теңізі маңындағы елдердің Сыртқы істер министрлерінің отырысына қатысу үшін Қазақстанға аттанды.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Там 11, 2018 20:52 Asia/Almaty
  • Зариф Қазақстанға аттанды

ИИР Сыртқы істер министрі Каспий теңізі маңындағы елдердің Сыртқы істер министрлерінің отырысына қатысу үшін Қазақстанға аттанды.

ИИР СІМ-нің ақпараттық дипломатия департаментінің хабарлауы бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф сенбі күні Ресей, Әзірбайжан республикасы, Түркіменстан мен Қазақстан Сыртқы істер министрлерімен өткен ортақ отырыста Каспий теңізі маңындағы елдер басшыларының саммитіндегі арнайы мәлімдемені дайындап, Каспий теңізі жөніндегі арнайы жұмыс тобының атқарған шаралар жиынтығын қорытындылайтын болады.

Каспий теңізі маңындағы елдер Сыртқы істер министрлерінің мұның алдындағы кездесуі Мәскеуде 2017 жылдың 4-5 желтоқсан күндері өтіп, Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияның мәтіні дайындалған болатын. Ақтаудағы бес ел басшыларының саммитінде конвенцияға қол қойылады деп күтілуде.