Иран Мәдени Орталығының басшысы ҚазҰУ-де студенттер және ұстаздар ұжымымен кездесті
Қыр 27, 2018 21:02 Asia/Almaty
26-қыркүйекте әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Тарих факультетінде Шығыстану факультетінің Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасындағы Ирантану бөлімінің ұйымдастыруымен Иран Ислам Республикасының Елшілігі жанындағы Мәдени Орталықтың басшысы Масуд Шейх Зейнеддин мырза студенттер және ұстаздар ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында екі ел арасындағы тарихи және мәдени байланыстың маңыздылығы қуатталып, Масуд Шейх Зейнеддин «Тарихе Рашиди», «Меһманамейе Бохара» сияқты құнды еңбектерде қазақ халқына қатысты дереккөздеріне сілтеме жасады.
Иран Ислам Республикасының мәдени өкілі факультеттің кітапхана қорына парсы тілінің оқулықтары мен тарихи кітаптарды сыйға тартты.