Назарбаев "Орталық Азия" сауда аймағын құру қажеттігін қуаттады
Қазақстан президенті Өзбекстанмен ынтымақтаса отырып, сауда айналымы көлемін арттырып, "Орталық Азия" атты халықаралық сауда аймағын құруды қуаттады.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан облысының сауда- экономикалық дамуы жайлы өткен отырыста: "Астана 2020 жылға дейін Өзбекстанмен арадағы сауда айналымы көлемін жылына 5 миллиард долларға арттыру потенциалына ие. Астана өзбек әріптестерімен халықаралық сауда аймағы және Түркістан жаңа халықаралық өткелін құру мәселесін қарастырады",- деді.
Назарбаев мұның алдында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД) мүше елдер арасындағы сауда-саттық саласындағы кедергілерді жоюды сұрады.
Қазақстан Өзбекстанның ең ірі сауда-экономикалық әріптестерінің бірі саналады.
2017 жылы Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы сауда айналымының көлемі 2 миллард доллардан асты.