Қазақстанда Каспий теңізі маңындағы елдердің айлақтары басшыларының бесжақты форумы өтті
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i39256-Қазақстанда_Каспий_теңізі_маңындағы_елдердің_айлақтары_басшыларының_бесжақты_форумы_өтті
Қазақстанның Ақтау қаласында Иран, Әзірбайжан, Түркіменстан, Қазақстан мен Ресейден тұратын Каспий теңізі маңындағы бес елдің айлақтары басшыларының халықаралық форумы өтті.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қаз 04, 2018 17:32 Asia/Almaty
  • Қазақстанда Каспий теңізі маңындағы елдердің айлақтары басшыларының бесжақты форумы өтті

Қазақстанның Ақтау қаласында Иран, Әзірбайжан, Түркіменстан, Қазақстан мен Ресейден тұратын Каспий теңізі маңындағы бес елдің айлақтары басшыларының халықаралық форумы өтті.

Әзірбайжанның "Тренд" ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, екі күндік форумда Каспий теңізі маңындағы елдер айлақтарының басшылары осы теңізде тасымалды дамыту үшін жүйелі контейнерлік желіні қалыптастыру, Иран-Парсы шығанағы-Үндістан және кері бағытта жүк тасуды жеңілдету үшін үдерістерді оңайлату, Каспий маңы елдері арасында туристік сапарларды арттыру мәселелерін талқылады.

Отырыста теңіз тасымалы мен тауар айналымын дамыту үшін мақсатты нарықтарды тану қажеттігі және нарықтың әрбір әлеуеті мен тауар тасымалдау уақыты мен оның кесімді бағасын азайту мақсатында айлақтық тарифтер мен жеңілдіктердің жеке стратегиясын қабылдау қажеттігі қуатталды.

Форумда ИИР-ның теңіз жолы тауар тасымалдау үшін ең тиімді бағыт ретінде таныстырылды.