Өзбекстандағы Қазақстан елшісі ақша жымқырды деп айыпталды
Қаз 17, 2018 22:46 Asia/Almaty
Өзбекстандағы Қазақстан елшісі қаржылық қылмыстармен айыпталып, қамауға алынды.
«Фарс» ақпарат агенттігінің Бішкектен хабарлауы бойынша, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова баспасөз отырысында Өзбекстандағы Қазақстан елшісі Ерік Өтембаевтың қамауға алынғанын хабарлап, Өзбекстандағы Қазақстан елшісінің елшілік ғимаратын салу үшін заңсыз келісімдерге қол қойып, келісімді сылтауратып, 400 мыңға жуық доллар жымқырғанын айтты.
Астана біраз уақыттан бері ресми басшылардың кірістерін зерттеу бағдарламасын бастап, мемлекеттік органдардың қызметкерлерінің жұмыстарын тексерумен айналысуда.
Тегтер