Иранның Денсаулық сақтау министрі Қазақстанға келді
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i39589-Иранның_Денсаулық_сақтау_министрі_Қазақстанға_келді
Иранның Денсаулық сақтау, емдеу және медициналық білім беру министрі ирандық делегацияны бастап, Алматы декларациясының қырық жылдығын атап өтуге арналған рәсімге қатысып, жалпы медициналық күтіммен қамтуды қолдау мақсатында Қазақстанның елордасы Астана қаласына барды.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қаз 25, 2018 16:48 Asia/Almaty

Иранның Денсаулық сақтау, емдеу және медициналық білім беру министрі ирандық делегацияны бастап, Алматы декларациясының қырық жылдығын атап өтуге арналған рәсімге қатысып, жалпы медициналық күтіммен қамтуды қолдау мақсатында Қазақстанның елордасы Астана қаласына барды.

Хасан Ғазизаде Хашеми Астана әуежайында тілшілерге берген сұхбатында: "Алматы декларациясының қырық жылдығын атап өтуге арналған отырыс – әртүрлі елдердің денсаулық сақтау және медициналық күтім саласындағы өз тәжірибелерін ортаға салатын жер. Иранның бұл салада тәжірибесі мол",-деді.  

Алматы декларациясы 1977 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстанның Алматы қаласында өткен отызыншы отырысында "2000 жылға дейін денсаулық баршаға" (HFA 2000) деген ұранмен қабылданған болатын.

Алматы декларациясының басты мақсаты әлемнің барлық халықтарының 2000 жылға дейін физикалық, психикалық және әлеуметтік денсаулықтың белгілі бір деңгейіне қол жеткізуі болды. Декларация барлық адамдардың қолайлы өмір сүруіне жағдай жасауды көздейді.