Иран денсаулық сақтау саласында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i39599-Иран_денсаулық_сақтау_саласында_айтарлықтай_жетістіктерге_қол_жеткізді
Иранның Денсаулық сақтау, емдеу және медициналық білім беру министрі Қазақстанның елордасы Астана қаласында өтіп жатқан алғашқы медициналық-санитарлық көмек бойынша халықаралық конференцияның ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде Иранның денсаулық сақтау саласында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізгенін айтты.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қаз 25, 2018 20:03 Asia/Almaty
  • Иран денсаулық сақтау саласында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді

Иранның Денсаулық сақтау, емдеу және медициналық білім беру министрі Қазақстанның елордасы Астана қаласында өтіп жатқан алғашқы медициналық-санитарлық көмек бойынша халықаралық конференцияның ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде Иранның денсаулық сақтау саласында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізгенін айтты.

Иранның Денсаулық сақтау, емдеу және медициналық білім беру министрі Сейіт Хасан Ғазизаде Һашеми әлемнің 146 елінің Денсаулық сақтау министрлерінің алдында сөйлеген сөзінде алғашқы медициналық-санитарлық көмек бойынша «Алма-Ата декларациясының» 40-шы жылдығында Ирандағы денсаулық сақтау және емдеу желісі құрылғаннан бері 35 жылдың ішінде қол жеткізген екі табысты тәжірибеге сілтеме жасап: "Бұл желі өлім-жітім санының азайып, қоғамды түрлі ауру мен кеселдерден сақтау деңгейінің артып, өмір сүруге деген үміттің артып, дүниеге келгеннен кәрілікке дейінгі күтім жолдарының жақсаруына себеп болды. Иранның шалғай аймақтарындағы дәрігерлер мен мамандарды үйлестіру, қажет құрал-жабдықпен қамтамасыз ету және инфрақұрылымдарды нығайту арқылы денсаулық сақтау саласындағы қызмет түрлеріне деген қолжетімділік деңгейі артты",- деп баса айтты.

Иранның Денсаулық сақтау, едмеу және медициналық білім беру министрі денсаулық сақтау жүйесіне өзгерістер енгізу жобасының үлкен жетістіктерінің бірін төлем деңгейінің 57 пайыздан 35 пайызға төмендеуі деп атап: "Денсаулық сақтау саласындағы төлем деңгейін төмендету арқылы х.ш.ж.с.б. 1404 жылға дейін Иранда денсаулық сақтау жолындағы ауқымды жоба жүзеге асырылады",- деді.