Иран мен Қазақстан медицина саласындағы ынтымақтастықтарын арттырады
Иранның Денсаулық сақтау, емдеу және медициналық білім беру министрі мен Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі екі ел арасында медицина саласындағы ынтымақтастықтарды арттыру туралы меморандумға қол қойды.
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметіне сәйкес, Иранның Денсаулық сақтау, емдеу және медициналық білім беру министрі Сейіт Хасан Ғазизаде Һашеми жұма күні "Алма-ата декларациясының" 40-шы жылдығына орай өткізілген конференция аясында Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановпен кездесіп, екі жақ алғашқы жәрдем, медицина саласындағы зерттеулер мен білім беру, фармацевтика саласындағы жұмыстар, медициналық құрал-жабдықтар, денсаулық сақтау саласында мәліметтер және тәжірибемен алмасу, ғылыми конференциялар, практикумдар, семинарлар мен қысқа мерзімді оқу курстарын ұйымдастыруды қамтитын денсаулық сақтау саласындағы қызметтерді кеңейту жөнінде келісімге келді.
Иран мен Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлері сондай-ақ, әртүрлі мәселелер, соның ішінде вакциналау саласында екіжақты ынтымақтастықты кеңейту, жалпы қоғамдық денсаулық сақтау мақсатындағы ұзақ мерзімді бағдарламалар, жұқпалы емес аурулар, адами күштермен қамтамасыз ету мен екі елдегі денсаулық сақтау саласының әлеуеттері мен мүмкіндіктерінен хабардар болу секілді тақырыптарда сұхбаттасты.
Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі ирандық әріптесін "Құрмет" орденімен марапаттады.