Қазақстан басшылары Астанада Сирия бейбіт келіссөздерінің келесі кезеңінің өтетінін хабарлады
Қазақстан СІМ-нің ақпарат хатшысы Астана келіссөздерінің Сирияда шабуылдар мен қақтығыстарды тоқтату мақсатында өткізілетінін хабарлады.
"Спутник" ақпарат агенттігінің Астанадан хабарлауы бойынша, Айбек Смадияров дүйсенбі күні тілшілерге берген сұхбатында Сирияға қатысты Астана келіссөздерінің басты мақсатын Сирияда қақтығыстар мен қатігездіктерді тоқтату деп атады.
Қазақстан СІМ-нің ақпарат хатшысы осы ведомствоның Сирияға қатысты келіссөздердің келесі кезеңін өткізу үшін осы елде атысты тоқтату бітіміне кепіл мемлекеттер – Иран, Ресей және Түркиямен үйлестіру жұмыстарын атқарып, оны өткізу уақытын белгілеу үшін қажет дайындықтарды бастағанын айтып, Қазақстан СІМ-нің Сирия оппозиционерлерінің Астана келіссөздерінің келесі кезеңіне қатысатындығына үміт білдіретінін мәлімдеді.
РФ Сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Богданов та Сирияға қатысты келіссөздердің келесі кезеңінің Астанада қараша айының соңы мен желтоқсан айының басында өткізілетінін айтты.