Қазақстан Мәскеу отырысына қатысатынын мәлімдеді
(last modified Mon, 05 Nov 2018 17:46:49 GMT )
Қар 05, 2018 23:46 Asia/Almaty
  • Қазақстан Мәскеу отырысына қатысатынын мәлімдеді

Қазақстан СІМ-нің ақпарат өкілі өз елі өкілдерінің Ауғанстан мәселесі жөніндегі Мәскеуде өтетін бейбітшілік отырысына қатысатынын мәлімдеді.

Mehr ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Айбек Смадияров жексенбі күні Қазақстан СІМ-нің орынбасары мен ҚР президентінің Ауғанстан істері жөніндегі арнайы өкілінің қарашаның тоғызы күні Мәскеуде ұйымдастырылатын отырысқа қатысатынын мәлімдеді.

Ресей СІМ Талибан тобы өкілдерінің Ауғанстандағы бейбітшілік мәселесі жөніндегі басқа мемлекеттердің СІМ-нің орынбасарлары мен арнайы өкілдері деңгейіндегі халықаралық отырыстарға алғаш рет қатысқалы отырғанын айтты.

Ауғанстандағы бейбітшілік жөніндегі екінші отырыс биылғы жылдың қыркүйек айында Талибан тобы өкілдерінің қатысуымен Мәскеуде өткізілуі тиіс болған. Бірақ Ауғанстан президенті Ашраф Ғанидің өтінішімен бұл отырыс кейінге қалдырылды.