ҰҚШҰ-ның мүшелері бас хатшы таңдауда келісімге келе алмады
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i39848-ҰҚШҰ_ның_мүшелері_бас_хатшы_таңдауда_келісімге_келе_алмады
Ұжымдық Қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымының мүшелері Астана отырысында ұйымның бас хатшысын таңдауда бір келісімге келе алмады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қар 11, 2018 15:49 Asia/Almaty
  • ҰҚШҰ-ның мүшелері бас хатшы таңдауда келісімге келе алмады

Ұжымдық Қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымының мүшелері Астана отырысында ұйымның бас хатшысын таңдауда бір келісімге келе алмады.

Fars ақпарат агенттігінің сенбі күнгі хабарлауы бойынша, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Жарғы бойынша бұл ұйымның бас хатшылығы лауазымы Армениядан кейін Беларуське берілуі керек, ал Ереван бас хатшы болып отырған өз өкілінің қызмет мерзімінің тағы бір жылға ұзартылуын қалайды.

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдер бұл мәселеге қарсы, өйткені қалған бір жылдың ішінде бұл ел өкілінің тіпті мүше елдердің барлығын аралауға шамасы келмейді деп санайды»,-деді.

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бұрынғы бас хатшысы Юрий Хачатуров 2018 жылдың қараша айында Арменияның өтінішімен өз қызметінен босатылып, оның міндетін орынбасары Валерий Семериков атқарып жатыр.