Словакия Премьер-министрі Қазақстанға сапар шегеді
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i39879-Словакия_Премьер_министрі_Қазақстанға_сапар_шегеді
Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров Словакия Премьер-министрі Петер Пеллегринидің қарашаның 14-16 күндері Астанаға сапар шегетінін хабарлады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қар 13, 2018 16:38 Asia/Almaty
  • Словакия Премьер-министрі Қазақстанға сапар шегеді

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров Словакия Премьер-министрі Петер Пеллегринидің қарашаның 14-16 күндері Астанаға сапар шегетінін хабарлады.

Fars ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Айбек Смадияров Словакияның Қазақстанды экономикасы дамып келе жатқан маңызды мемлекет әрі серіктесі санайтынын, көлік инфрақұрылымын дамыту, транзит, машина жасау, әскери-техникалық салалар және қазіргі заманғы технологиялардың Қазақстан Республикасының Словакиямен ынтымақтастық жасауға қызығушылық тудыратын салалары екенін мәлімдеді.

Қазақстан мен Словакия қарым-қатынастары тарихында бұл елдің Премьер-министрі  Астанаға бірінші рет келеді.

2017-ші жылы екі елдің сауда айналымы 53 миллион доллардан асып, 2018 жылдың 8 айында 33 жарым миллион долларға жетті.