Назарбаев әлем елдерін ядролық қарусыздану үдерісіне қосылуға шақырды
Қар 22, 2018 20:15 Asia/Almaty
Қазақстан президенті әлем мемлекеттерін ядролық қаруды таратпау режимін күшейту үдерісіне қосылуға шақырды.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның елордасы Астана қаласында шетелдік дипломаттармен кездесуінде әлемнің барлық елдерін қарусыздану мен ядролық қаруды таратпау режимін күшейту үдерісіне қосылуға шақырды.
ҚР президенті халықаралық сахнадағы теке-тірестердің жаңа кезеңіне қатысты алаңдаушылық білдіріп, «қырғи қабақ" соғысы кезеңімен салыстырғанда қазіргі әлем көпполюсті жүйеге ауысқандықтан дағдарыстардың туындауын көбінесе болжаудың мүмкін еместігін айтты.