Иран Сыртқы Істер Министрінің бірінші орынбасары Қазақстанға келді
Иран Сыртқы Істер Министрінің саяси істер жөніндегі бірінші орынбасары әрі «Сирия бейбітшілігі» халықаралық келіссөздеріндегі Иранның бас келісімгері Хосейн Джабери Ансари дүйсенбі күні Қазақстанның елордасы Астанаға келді.
Хосейн Джабери Ансари 28-29 қарашада Астанада өтетін «Сирия бейбітшілігі» халықаралық келіссөздерінің он бірінші кезеңіне қатысады.
Хосейн Джабери Ансари, сондай‑ақ, осы отырысқа қатысатын әртүрлі делегациялармен екіжақты кездесулер өткізіп, Сирияның соңғы өзгерістері, әсіресе саяси үдеріс, «сириялық‑сириялық» диалогтар және осы елдің констутициялық комитетін құру туралы сұхбаттасады.
Астана келіссөздері 2017 жылдың қаңтар айында ИИР‑дің бастамасы және Ресей мен Түркияның әріптестігімен Сирияда бейбітшілік орнату мақсатында басталды.
Бұл келіссөздердің мақсаты Сирияда қақтығыстар азайтылған аймақтарды қалыптастыру болды.