Джабери Ансари Қайрат Әбдірахмановпен кездесті
(last modified Thu, 29 Nov 2018 14:17:27 GMT )
Қар 29, 2018 20:17 Asia/Almaty
  • Джабери Ансари Қайрат Әбдірахмановпен кездесті

Иран СІМ Саяси істер жөніндегі орынбасары Астанада басталған Сирия бейбітшілік келіссөздерінің 11-кезеңі аясында Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановпен кездесіп, сұхбаттасты.

Хосейн Джабери Ансари сәрсенбі күні Ресей президентінің Сирия істері жөніндегі арнайы өкілі Александр Лаврентьев, Түркия СІМ-нің орынбасары Седат Онал және БҰҰ бас хатшысының Сирия істері жөніндегі өкілі Стаффан Де Мистурамен бірге Қазақстан СІМ-нің қонақасына қатысып, Сирия Конституциясы туралы комитет құру және сириялық тұтқындармен алмасу мәселесіне қатысты жүзеге асырылған шаралар мен үйлесімдік жұмыстар жөнінде кеңесіп, пікір алмасты.

Қазақстанның елдордасы Астанада басталған Сирия бейбітшілігі туралы келіссөздердің 11-кезеңі бүгін, бейсенбі күні Сириядағы атысты тоқтату бітіміне кепіл үш мемлекет Иран, Ресей және Түркия  тарапынан қорытынды мәлімдеме жариялаумен аяқталды.

Мәлімдемеде Сирияның егемендігі, тәуелсіздігі мен территориялық тұтастығын сақтау қажеттігі қуатталып, лаңкестікпен күресу сылтауымен Сирияда қақтығыстар тудыруға бағытталған барлық талпыныс қабылдауға келмейтін әрекет деп танылды.

"Астана келіссөздерінің" кезекті отырысын 2019 жылдың ақпан айында өткізу жоспарланып отыр.

Сирияда бейбітшілік орнату жөніндегі келіссөздер ИИР-ның бастамасы, Ресей мен Түркияның ынтымақтастығымен Сирияда бейбітшілік орнату мақсатында 2017 жылдың қаңтар айында басталған.