Қазақстан 2019 жылы сауда-саттық үшін ең үздік елдердің ішінде 65-ші орында
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i40507-Қазақстан_2019_жылы_сауда_саттық_үшін_ең_үздік_елдердің_ішінде_65_ші_орында
Әлемнің ең беделді экономикалық басылымдарының бірі 2019 жылы кәсіпкерлік үшін ең үздік елдердің тізімін жариялады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Жел 22, 2018 23:47 Asia/Almaty
  • Қазақстан 2019 жылы сауда-саттық үшін ең үздік елдердің ішінде 65-ші орында

Әлемнің ең беделді экономикалық басылымдарының бірі 2019 жылы кәсіпкерлік үшін ең үздік елдердің тізімін жариялады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан осы тізім бойынша 65-ші орында тұрса, бұрынғы Кеңес одағына мүше елдер, атап айтқанда Әзірбайжан Республикасы 70-ші, Армения 87-ші, Беларусь 88-ші, Өзбекстан 105-ші, Қырғызстан 108-ші және Тәжікстан 124-ші, Грузия 44-ші және Ресей 55-ші орындарда тұр.

Forbes басылымының мәліметіне сәйкес, Қазақстан экономикасы мұнай өнеркәсібі мен мұнай өндіру секторына өте тәуелді. Сондықтан өз экономикасын жан-жақты ету мақсатында ең алдымен тасымал, фармацевтика, байланыс, мұнай-химия мен азық-түлік секілді салаларына көңіл бөлу арқылы бар күшін осы салаларды одан әрі дамытып, инвестициялауға салып жатыр.

Қазақстанда соңғы жылдардағы оң өзгерістерге қарамастан аймақтар мен қалалар деңгейіндегі сыбайлас жемқорлық пен бюрократияның болуы және заңдарды өз беттерінше жүзеге асыру инвесторлардың алаңдаушылығын тудырып отыр.

Бұл басылым сапаның төмендігі мен ашықтықтың болмауының салдары болып табылатын Қазақстанның банкинг жүйесінің жағдайын шетелдік инвесторлардың келесі алаңдаушылығы деп атады.