Қазақстанда полиция қызметкері орта есеппен 372 доллар жалақы алады
Қазақстанның полиция қызметкері орташа 372 доллар жалақысымен Еуразия елдері арасында үшінші орында орналасқан.
Fars ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, ең жоғары жалақының Армения полициясы алады. Олардың жалақысы орта есеппен 228600 драм, яғни 476 доллар. Екінші орында ай сайын 18000-нан 87000 рубль жалақы алатын Ресей полициясы орналасқан. Олардың жалақыларының айырмашылығы аймаққа байланысты. Ресей полиция қызметкерлерінің жалақысы орта есеппен 28000 рубль, шамамен 412 долларды құрайды.
Қазақстанның полиция қызметкері ай сайын 138000 теңге, сәйкесінше 372 доллар жалақысымен Еуразия елдері арасында үшінші орында. Қазақстан алдағы жылы полиция қызметкерлерінің санын 10 пайызға қысқартуға шешім қабылдады. Полиция санының қысқартылуы 16 миллиард теңгенің үнемделуіне себеп болады. Бұл үнемделген ақша қалған полициялардың жалақысын көтеруге жұмсалады. Сондай-ақ, полиция қызметкерлерінің жалақысын көтеру мақсатында бюджеттен 21 миллиард 400 миллион теңге ақша бөлінеді.