Назарбаев Ресеймен Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің құқықтық мәртебесі туралы келісімді бекітті
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i40572-Назарбаев_Ресеймен_Каспий_теңізінің_солтүстік_бөлігінің_құқықтық_мәртебесі_туралы_келісімді_бекітті
Қазақстан Президенті Ресеймен Каспий теңізінің солтүстік бөлігін бөлу туралы келісімді бекітті.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Жел 27, 2018 14:37 Asia/Almaty
  • Назарбаев Ресеймен Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің құқықтық мәртебесі туралы келісімді бекітті

Қазақстан Президенті Ресеймен Каспий теңізінің солтүстік бөлігін бөлу туралы келісімді бекітті.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, сәрсенбі күні Нұрсұлтан Назарбаев бекіткен келісім Қазақстанның теңіз аумағында «Құрманғазы» атты мұнай‑газ кенішін барлауға жағдай жасайды.

Сонымен қатар, осы келісім бойынша Қазақстан мен Ресей ұлттық компаниялары алты жыл бойы кен анықтау бойынша ортақ амалдар жүргізеді.

Осыдан біраз бұрын Қазақстанның Энергетика министрі Қанат Бозымбаев «Қазмұнайгаз» бен «Роснефть» компанияларының әріптестік жасап, 30 млн‑нан астам долларды «Құрманғазы» кенішінде геологиялық зерттеулер жүргізуге жұмсауға бөлуге дайын екенін хабарлаған болатын.

Зерттеулер бойынша, «Құрманғазы» кенішінде жылына 64.5 млн тонна шикі мұнай өндіретін әлеует бар. Бұл амалдар 10 жылға созылуы мүмкін.