Қазақстан үкіметінде ауыс-түйіс болды
Қазақстан президенті үкіметті қайта құру мақсатында бұл елдің бірқатар жоғары шенді басшысын қызметтерінен босатып, олардың орнына жаңа адамдарды тағайындады.
Нұрсұлтан Назарбаев ҚР СІМ Қайрат Әбдірахмановты қызметінен босатып, Қазақстанның Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұловты Сыртқы Істер Министрі етіп бекітті.
Сондай-ақ, премьер-министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиев жаңа Қорғаныс министрі қызметіне тағайындалды.
Сонымен қатар, ҚР президенті Инвестиция және даму министрлігінің атауын Өнеркәсіп және инфрақұрылымдарды дамыту мниистрлігі деп өзгертуге жарлық шығарды.
Осылайша Ұлттық экономика министрлігі мен Сыртқы істер министрлігінің кейбір өкілеттігі, соның ішінде инвестиция тарту саласындағы мемлекеттік саясатты өзгерту құқығы Өнеркәсіп және инфрақұрылымдарды дамыту министрлігіне берілді.