Каспий теңізінде бекіре балығының контрабандистері ұсталды
Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара күштері шекарашыларының Каспий теңізінде заңсыз түрде бекіре балығын аулап жатқан Әзірбайжан республикасының балықшылар кемесіне оқ атқанда бір әзірбайжандық балықшының жараланғанын хабарлады.
"Спутник" ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша Әзірбайжанның төрт азаматы заңсыз түрде балық аулап жүрген кемеден 40 бекіре балық, жер серігімен қарым-қатынас орнататын және балық аулайтын құралдар табылған. Қазақстанның шекара күштері тұтқынға түскен төрт әзірбайжандық азаматты шекарадан заңсыз түрде өтті деп айыптап, істерін сотқа жіберген.
Каспий теңізі жағалауындағы бес мемлекеттің өкілдері Каспий теңізінің тірі жануарлары мен жәндіктерін қорғау үшін шамси күнтізбесінің 1397-ші жылының азар айының тоғызы күні Бакуде өткен "Каспий теңізінің тірі жануарларын қорғау және пайдалану комиссиясының" отырысында бекіре балығын аулауды тоқтату туралы 2010-шы жылғы келісімді жалғастыруға келісті. Бекіре балығын аулауға салынған тыйым 2019-шы жылдың соңына дейін ұзартылды.