Қазақстанның сыртқы қарызы 3 миллиард долларға азайды
Қаң 10, 2019 13:33 Asia/Almaty
2018 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстанның сыртқы қарызы 2017 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 3 миллиард долларға азайған.
Tasnim ақпарат агенттігінің сәрсенбі күнгі хабарлауы бойынша, Қазақстанның Ұлттық банкі 2018 жылдың алғашқы тоғыз айында елдің сыртқы қарызының 161,5 миллиард долларға жеткенін мәлім еткен. Бұл көрсеткіш елдің жалпы ішкі өнімінің 94 пайызын құрайды.
Осы мәліметке сәйкес, сыртқы қарыздардың ішінде компаниялар арасындағы қарыз 63,7 пайызбен бәрінен басым түсіп отыр.
Басқа салалар бойынша несиелер жалпы қарыздың тек 25,7 пайызын ған құрайды.
Тегтер