Қазақстанда дәрі-дәрмектің сапасын тексеретін комитет құрылады
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i40882-Қазақстанда_дәрі_дәрмектің_сапасын_тексеретін_комитет_құрылады
Қазақстанның Денсаулық министрі Елжан Біртанов елде дәрі-дәрмек сапасы мен медициналық қызмет стандартын тексеретін жаңа комитеттің құрылатынын хабарлады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қаң 16, 2019 14:57 Asia/Almaty
  • Қазақстанда дәрі-дәрмектің сапасын тексеретін комитет құрылады

Қазақстанның Денсаулық министрі Елжан Біртанов елде дәрі-дәрмек сапасы мен медициналық қызмет стандартын тексеретін жаңа комитеттің құрылатынын хабарлады.

"Фарс" ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Қазақстанның Денсаулық министрі Елжан Біртанов бұл хабарды жариялауымен бірге аталмыш комитеттің Денсаулық министрлігінің қарамағында құрылып, оған қатысты барлық мәселелердің биыл сәуір айында аяқталатынын, комитет міндетінің дәрі-дәрмек пен медициналық қызметтің сапасын, дәрі-дәрмек айналымы мен дәріханалардың бағаларын тексеру болатынын айтты.

Бұдан бұрын да Қазақстан президенті азық-түлік, дәрі-дәрмек, ауыз су мен балалардың ойыншықтарының стандартқа сай болуын тексеретін комитет құруды сұраған болатын.