Қазақстанның екі азаматы "әскери ұшақтың қосалқы бөлшектерін сатты" деген айыппен тұтқындалды
Қаң 26, 2019 15:10 Asia/Almaty
Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл елдің екі азаматының әскери ұшақтың қосалқы бөлшектерін Таяу Шығыс елдеріне тасымалдады деген айыппен тұтқындалғанын хабарлады.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл екі азаматқа Таяу Шығыс елдеріне құны 122 000 долларды құрайтын әскери ұшақтың қосалқы бөлшектерін тасымалдады деген айып тағылғанын мәлімдеді.
Сонымен қатар, тергеу барысында бұл екі азаматтың үйінен әскери контрабанда заттары табылып, тәркіленген.
Тегтер