Иран мен Қазақстан екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі
Иранның Қазақстандағы елшісі мен Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары саяси-экономикалық, ауылшаруашылық, мәдени-әлеуметтік салаларда әріптестікті дамыту қажеттігін қуаттады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иранның Қазақстандағы елшісі Маджид Сабер Астанада Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Мұхтар Тілеубердімен кездесіп, екі елдің саяси байланыс деңгейінің жоғары екенін айтып: «Иран мен Қазақстан арасында әріптестіктің жаңа салаларын анықтап, саяси-экономикалық, ауылшаруашылық, мәдени-әлеуметтік салаларда келісімдер жасау қажет»,-деді.
Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Мұхтар Тілеуберді де Астана мен Теһранның әртүрлі салалардағы жақсы қарым-қатынастарына тоқталып, Қазақстанның Иранмен байланысты кеңейтуге дайын екенін мәлімдеді.