Астанада өрт салдарынан 5 бала қайтыс болды
Ақп 04, 2019 18:23 Asia/Almaty
Астананың өрт сөндіру қызметі қала аудандарының бірінде шыққан өрт салдарынан 5 баланың қайтыс болғанын хабарлады.
"Фарс" ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, жеке үйлердің бірінде шыққан өрт салдарынан 5 бала қайтыс болған. Олардың кішісі бір жасқа, үлкені 13 жасқа толмаған. 30 шаршы метр аумақта басталған өрт салдарынан төбе опырылып құлаған. Өрт шыққан кезде балалардың ата-анасы жұмыста болған.
Тегтер