Астанада өрт салдарынан 5 бала қайтыс болды
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i41155-Астанада_өрт_салдарынан_5_бала_қайтыс_болды
Астананың өрт сөндіру қызметі қала аудандарының бірінде шыққан өрт салдарынан 5 баланың қайтыс болғанын хабарлады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Ақп 04, 2019 18:23 Asia/Almaty
  • Астанада өрт салдарынан 5 бала қайтыс болды

Астананың өрт сөндіру қызметі қала аудандарының бірінде шыққан өрт салдарынан 5 баланың қайтыс болғанын хабарлады.

"Фарс" ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, жеке үйлердің бірінде шыққан өрт салдарынан 5 бала қайтыс болған. Олардың кішісі бір жасқа, үлкені 13 жасқа толмаған. 30 шаршы метр аумақта басталған өрт салдарынан төбе опырылып құлаған. Өрт шыққан кезде балалардың ата-анасы жұмыста болған.