ИИР Елшілігі Астанада Ислам революциясының қырық жылдығын атап өтті
(last modified Wed, 13 Feb 2019 07:51:22 GMT )
Ақп 13, 2019 13:51 Asia/Almaty
  • ИИР Елшілігі Астанада Ислам революциясының қырық жылдығын атап өтті

Астанада Қазақстан Республикасындағы ИИР Елшілігінің ұйымдастыруымен Иранның Ұлттық күні және Ислам революциясының қырық жылдығына арналған шара өтті.

 

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Қазақстан Республикасындағы ИИР Елшілігінің ұйымдастыруымен Астанада өткен рәсімге Қазақстанның ел және Армиясының басшылары, экономика саласының белсенділері, ақпарат өкілдері, университет ұстаздары мен студенттері, сондай-ақ, әртүрлі елдердің елшілері мен дипломатттары және Астанада орналасқан халықаралық ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен өткен рәсімде Қазақстан Республикасындағы ИИР елшісі Маджид Сабер өткен қырық жылдағы Иранның жетістіктеріне тоқталып, Иранды ілгерілеушіліктері, халықтың қолдауы мен сыртқы саясатындағы тәуелсіздігімен тұрақты, әрі дамып келе жатқан, сондай-ақ, жарқын келешекке ие мемлекет деп атады.  

Рәсімде Қазақстанның  Инвестициялар және даму министрінің орынбасары Тимур Тоқтабаев арнайы қонақ ретінде Ислам револбюциясының жеңісі күнімен құттықтап, ИИР-на өркендеу мен даму тілеп, Иранды экономикалық әлеуеті және геополитикалық жағдайына байланысты Қазақстанның негізгі сауда серіктестерінің бірі деп атап, екіжақты экономикалық ынтымақтастықтардың, әсіресе тасымал, ауылшаруашылығы мен кен салаларындағы инвестициялардың артып келе жатқанын мәлімдеді.

 

 

 

 

 

Тегтер