Қазақстан Үкіметі отставкаға кетті
Ақп 22, 2019 18:34 Asia/Almaty
Қазақстан Үкіметі отставкаға кетті.
«Спутник» ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, бейсенбі күні Қазақстан Үкіметі отставкаға кету туралы ұсынысты ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа жариялаған соң, Елбасы бұл шешіммен келісті.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен жаңа Үкімет құрылғанға дейін бұрынғы Кабинет мүшелері жұмыстарын жалғастырады. Н.Назарбаев бұдан бұрын Қазақстан Президенті және елдің Ата заңының қорғаушысы ретінде халықтың мүддесін қамтамасыз етіп, Үкіметтің отставкаға кетуін қолдайтынын мәлімдеп, Үкімет мүшелері жұмысының халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту саласында сәтті болмағанын сынаған болатын.
Тегтер