Қазақстан Сыртқы істер министрі Астанада араб елдерінің елшілерімен кездесті
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i41391-Қазақстан_Сыртқы_істер_министрі_Астанада_араб_елдерінің_елшілерімен_кездесті
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Бейбіт Атамқұлов Мысыр, Иордания, Ирак, Катар, Кувейт, Ливан, Марокко, Оман, Палестина, Сауд Арабиясы мен БАӘ елшілерімен кездесіп, сауда-экономикалық қарым-қатынастарды дамыту, энергетика мен ауыл шаруашылығы салаларына инвестиция салу бойынша ортақ жобаларды орындау қажеттігін қуаттады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Ақп 28, 2019 16:36 Asia/Almaty
  • Қазақстан Сыртқы істер министрі Астанада араб елдерінің елшілерімен кездесті

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Бейбіт Атамқұлов Мысыр, Иордания, Ирак, Катар, Кувейт, Ливан, Марокко, Оман, Палестина, Сауд Арабиясы мен БАӘ елшілерімен кездесіп, сауда-экономикалық қарым-қатынастарды дамыту, энергетика мен ауыл шаруашылығы салаларына инвестиция салу бойынша ортақ жобаларды орындау қажеттігін қуаттады.

Қазақстан Сыртқы істер министрі отырыс аясында Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің дипломатиялық органдарының басшыларымен, соның ішінде араб елдері Сыртқы істер министрлерімен болашақта кездесетініне үміт білдірді.

Араб елдерінің елшілері кездесуде Қазақстан мен араб әлемі арасында сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыру мақсатында тасымал, жабдықтау және визалық режимді жеңілдету арқылы туризмді дамытуды баса айтты.