Қазақстан СІМ Ауғанстанды жаңа сауда жолдарына тартуды өте маңызды санайды
Қазақстан Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов қазіргі жағдайына тоқталып, бұл елдің мәселелерін экономикалық жағдайын жақсарту арқылы шешуді ұсынып, Астананың елдің жағдайын қалпына келтіретін жобаларға қатысатынын мәлімдеді.
Fars ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Бейбіт Атамқұлов: "Бұл – төтенше қадам. Қазақстан Ауғанстандағы барлық жағдайды экономикалық тұрғыдан зерттеді. Бұл – Ауғанстан мәселесін шешетін жаңа жол. Өйткені, қақтығыстар мәселені шешпейді. Сондықтан елдің экономикалық жағдайын жақсарту керек",- деді. Атамқұлов Қазақстан қатысатын сауда дәлізіндегі барлық жобаны еске салып: "Ауғанстанстанды «Солтүстік-Оңтүстік» дәлізі секілді жаңа сауда жолдарына тарту өте маңызды. Астана Ауғанстан жастарына білім беруге көмектесіп, бұл жобаға 50 миллион доллар қаржы жұмсады. Бұл жоба 2021 жылы аяқталады. Нәтижесінде мыңдаған ауғандық студент қазақстандық жоғары оқу орындарынан мамандық алып шығады",- деді.