Қытай Қазақстанға шекара инфрақұрылымын жаңарту үшін 300 млн доллар несие береді
(last modified Thu, 07 Mar 2019 11:10:46 GMT )
Нау 07, 2019 17:10 Asia/Almaty
  • Қытай Қазақстанға шекара инфрақұрылымын жаңарту үшін 300 млн доллар несие береді

Қазақстан Парламенті ел үкіметі мен Қытайдың жеңілдік бойынша несие алу туралы келісімінің жобасын бекітті.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, биылғы жылдың соңында басталып, 2022 жылы аяқталуы тиіс осы жоба аясында  9 шекаралық өткізу бекеті мен 1 темір жол салынып, техникалық құралдармен жабдықталады.

Аталмыш несиенің жылдық үстемақысы – 2 пайыз. Қайтарым мерзімі – 20 жыл. Несиенің жалпы сомасы – 2 млрд юань немесе 300 млн доллар.