Қазақстанда Иранмен дипломатиялық байланыстарының 27 жылдығына арналған сурет көрмесі ашылды
Қазақстан басшылары елдегі басқа мемлекеттердің елшілері және дипломаттары, универститет ұстаздары мен студенттері, ғылыми орталықтар, парсы тілінің ұстаздары және ақпарат құралдары басшыларының қатысуымен Қазақстанның Ұлттық мұражайында «ИИР мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарға 27 жыл» тақырыбында сурет көрмесі ашылды.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Қазақстандағы Иран елшісі Маджид Сабер сейсенбі күні көрменің ашылу рәсімінде сөйлеген сөзінде екі халық арасындағы ежелден келе жатқан достық қарым-қатынасқа тоқталып, 1992 жылы екі ел арасында дипломатиялық байланыстардың орнатылуын екі халық арасындағы тарихи қарым-қатынастың жаңғыруы деп атап: «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жариялай салысымен, ИИР тәуелсіздікті ресми танып, Алматыда өз елшілігін ашқан алғашқы елдердің бірі болды»,- деді.
«ИИР мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарға 27 жыл» деген суреттер көрмесі Ұлттық мұражайда 16 наурызға дейін жұмысын жалғастырады.