Қазақстан Иранмен еркін сауда аймағын құру туралы келісім бекітті
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i41533-Қазақстан_Иранмен_еркін_сауда_аймағын_құру_туралы_келісім_бекітті
Қазақстан Парламенті Иран мен Еуразия экономикалық одағы арасында еркін сауда аймағын құру туралы келісім бекітті.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Нау 15, 2019 19:14 Asia/Almaty
  • Қазақстан Иранмен еркін сауда аймағын құру туралы келісім бекітті

Қазақстан Парламенті Иран мен Еуразия экономикалық одағы арасында еркін сауда аймағын құру туралы келісім бекітті.

IRNA ақпарат агенттігінің бейсенбі күнгі хабарлауы бойынша, Қазақстанның Ұлттық экономика министрі Руслан Даленов Қазақстан Парламентінде Иран мен Еуразия экономикалық одағы арасында еркін сауда аймағын құру туралы келісім бекітілгеннен кейін жасаған мәлімдемесінде келісім орындалған соң Қазақстанда өндірілген тауарларды Иран нарығына шығару мүмкіндігі артатынын айтты.

Даленовтың айтуы бойынша, Қазақстан мен Иран арасындағы сауда айналымының көлемі 516 млн долларды құрайды. Иран мен Еуразия экономикалық одағы арасында еркін сауда аймағын құру туралы келісім бекітілгеннен кейін өзара сауда көлемі айтарлықтай артатын болады.  

Иран мен Еуразия экономикалық одағы 2018 жылдың 17 мамырында Қазақстанның елордасы Астанада еркін сауда аймағын құру туралы уақытша келісімге қол қойған болатын.