Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Президент Әкімшілігінің басшылығына тағайындалды
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i41649-Қазақстанның_бұрынғы_премьер_министрі_Президент_Әкімшілігінің_басшылығына_тағайындалды
Қазақстанның жаңа Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдің бұрынғы Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевты Президент Әкімшілігінің басшылығына тағайындады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Нау 26, 2019 20:04 Asia/Almaty
  • Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Президент Әкімшілігінің басшылығына тағайындалды

Қазақстанның жаңа Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдің бұрынғы Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевты Президент Әкімшілігінің басшылығына тағайындады.

Қазақстанның уақытша Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жексенбі күні елдің бұрынғы Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевты Президент Әкімшілігінің басшылығына тағайындады. Осы мәлімет бойынша,  бұл шешімнің Қазақстанның отставкаға кеткен Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен келісіп қабылдану ықтималы жоғары.  Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің Төрағасы болып қалған Назарбаевтың елдегі ықпалы мен билігі аз емес. Назарбаев Президент міндетінен кеткенімен саясаттан кеткен жоқ. Назарбаевтың отставкаға кетуінен кейінгі жағдай Қазақстанда шынайы өзгерістердің болмайтынын көрсетеді. Назарбаев билігінің тиімсіздігіне қатысты сынды өз басынан бұрмалау үшін билік басынан кетті деген пікірлер айтылып жатыр. Назарбаев отставкаға кетпей тұрып: «Соңғы жылдары елдің қоғамдық және экономикалық салалары өзгерген жоқ. Министрлердің жұмыстарының тиімсіздігінен Қазақстан халқының тұрмысы жақсармады. Үкімет мүшелерінің халықпен тікелей қатынасы жоқ. Олар халықтың қиындықтарынан хабарсыз»,- деген болатын. Назарбавтың 30 жылдық билігі Қазақстанда өзгерістерге себеп болған жоқ. Назарбаев басқаларды айыптаудан бұрын президенттік кезеңіндегі өз әрекеттеріне шолу жасап, солардың нәтижелері туралы сұрақ қойғаны дұрыс болар еді.

Назарбаевтың қызының Сенат Төрайымы болып тағайындалуы бұл елдің бұрынғы жолын жалғастыратынын, оның президенттік міндеттен кеткенімен өз билігін күшейте түскісі келетіні туралы жолдауды жеткізеді.  Қазақстанның жаңа үкіметі қазір елі мен халқының қолайсыз жағдайымен бетпе-бет  келіп тұр. Сондықтан Назарбаевтың үкіметті біліксіз деп мойындауына сәйкес, халық талап етуді өз құқығы деп санауы мүмкін.