Дариға Назарбаева: Президенттік сайлау елдің дамуына септігін тигізеді
Қазақстан Парламенті Сенат палатасының төрайымы Д.Назарбаева елдің уақытша Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу туралы шешімін дұрыс әрі дер уақытты деп атады.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Дариға Назарбаева биылғы жылдың 9 сәуірінде Қазақстанның уақытша Президентінің елде мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу туралы Жарлыққа қол қойғанын айтып: "Бұл шешімнің дұрыстығы мен дер уақытында қабылданғанына сенімдімін, өйткені Қазақстан халқы бейбітшілік, тыныштық пен экономикалық тұрақтылықты бағалайды.
Қазақстан Конституциясы бойынша сайлау 2 айдың ішінде өтуі керек. Біздің ортақ миссиямыз – сайлау заң аясында өтуі үшін осы науқанға көмектесу",-деді.