Қазақстанның президенттік сайлауының қаржысы Үкіметтің резервінен бөлінеді
Сәу 16, 2019 15:07 Asia/Almaty
Қазақстан Үкіметі мерзімінен тыс өткізетін президенттік сайлауға резервінен 9,404 миллиард теңге (24,5 миллион доллар) бөледі.
Fars ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Қазақстан Үкіметінің ғаламтор базасының жариялауы бойынша, бөлінген қаржыны Қазақстанның Қаржы министрлігі үйлестіріп, 12 сәуірден бастап, елдің түкпір-түкпірінде сайлау өткізуге қажет жұмыстар үшін қолданады. Қаржының 70 пайызы сайлау штабтарында жұмыс істейтін адамдарға жұмсалады.
9 сәуірде Қазақстанның уақытша Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдің теледидары арқылы халыққа жолдау жасап, ағымдағы жылдың 9 маусымында мерзімінен тыс президенттік сайлаудың өтетінін хабарлады.
Тегтер