Қазақстан Сирия жөніндегі басқосудың күн тәртібін жариялады
(last modified Wed, 17 Apr 2019 11:16:20 GMT )
Сәу 17, 2019 17:16 Asia/Almaty
  • Қазақстан Сирия жөніндегі басқосудың күн тәртібін жариялады

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Сирия дағдарысын шешу туралы Астана отырысында қаралатын мәселелердің күн тәртібін жариялады.

Tasnim ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жариялап, Сирия мәселесіне байланысты өтетін 12-ші отырыста Конституция комитетін құруға және бұл үдеріске басқа бақылаушы елдердің қосылу және саяси үдерісті ілгерілету жолдары туралы пікір алмасу өтетінін жариялады. Қазақстанның астанасында өтетін Сирия жөніндегі алдағы отырыста Идлиб облысы мен елдің солтүстік-шығысындағы майдандық өзгерістер, қақтығысып отырған екі жақтың сенімділігін арттыру, босқындарды қайтару үдерісін жеңілдету, гуманитарлық жағдайды жақсарту және аймақтарды қайта құру туралы пікір алмасу өтеді.

Сирия дағдарысын шешу келіссөздері осы айдың 25-26 күндері Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Осы кезге дейін Қазақстаннның астанасында Сирия дағдарысын шешуге қатысты 11 отырыс өтті.  

 

 

Тегтер