Қазақстан Тәжікстанға әскери салада көмек береді
(last modified Thu, 18 Apr 2019 09:14:59 GMT )
Сәу 18, 2019 15:14 Asia/Almaty
  • Қазақстан Тәжікстанға әскери салада көмек береді

Қазақстан Тәжікстанның Ауғанстанмен шекарасындағы қорғаныс қуатын нығайту мақсатында Душанбеге әскери көмек береді.

Tasnim ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша,  Қазақстан Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаров осы елдің Парламенті Сенат палатасының отырысында Қазақстан үкіметінің Тәжікстанға әскери құрал-жабдықтарды жіберудің қаражатын да көтеретінін мәлімдеді.

Қазақстан Сенатының депутаты Талғат Мұсабаев та Тәжікстан мен Ауғанстан шекарасындағы ауыр жағдайға тоқталып: «Бұл екі елдің ортақ шекарасындағы жағдай ушығып барады. Лаңкестер үлкен көлемде есірткі заттары контрабандасымен айналысуды көздеп отыр»,-деді.

Қазақстан Сенаты кешегі отырыста Тәжікстанға әскери құрал-жабдықтар мен оқ-дәрі жіберу туралы қаулы  бекітті. Қаулы қол қойылу үшін Қазақстан Президентіне жіберілді.

Өткен дүйсенбі күні қос тарап Қазақстанның Тәжікстанға әскери салада көмек беруі туралы келісімге қол қойды.