Астана келіссөздерінің он екінші кезеңінде Сирияның Конституциялық комитетін құруға келісу ықтималы артты
(last modified Sat, 27 Apr 2019 15:10:24 GMT )
Сәу 27, 2019 21:10 Asia/Almaty
  • Астана келіссөздерінің он екінші кезеңінде Сирияның Конституциялық комитетін құруға келісу ықтималы артты

Сирияға қатысты Астана келіссөздерінің он екінші кезеңі өткен бейсенбі және жұма күндері Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан қаласында өтті.

Астана келіссөздері 2017 жылдың қаңтар айында ИИР-ның бастамасымен және Ресей мен Түркияның әріптестігінің арқасында Сирияда бейбітшілік орнату мақсатында басталды.

2019 жылдың наурыз айында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев отставкаға кеткен соң оның құрметіне "Нұр-Сұлтан" деп аталған Қазақстанның елордасы Астана 2017 жылдың қаңтарынан бүгінге дейін Сирияға қатысты келіссөздердің 11 кезеңін өткізді. Келіссөздердің тек оныншы кезеңі 2018 жылдың 30-31 шілдесінде Ресейдің Сочи қаласында өтті.

Сирияға қатысты Астана келіссөздерінің он екінші кезеңіне қатысушылар құрамы аздап өзгерді. Өткен отырыстардағыдай сириялық оппозиционерлер мен Сирия үкіметінің делегациясы, Иран, Түркия мен Ресей өкілдері отырысқа қатысты. Бұрынғыдай он екінші отырыста Александр Лаврентьев Ресей делегациясын басқарып, Седат Онал Түркия делегациясын басқаруды өз міндетіне алды.  Әли Асқар Хаджи Хосейн Джабер Ансаридің орнына Иран делегациясын басқарды.  Осы жағдайда БҰҰ-ның Сирия істері жөніндегі арнайы өкілі Гейр Педерсен алғаш рет осы отырысқа қатысты. Сондай-ақ, Иордания делегациясы мен Қызыл крест ұйымының делегациясы бақылаушы ретінде осы отырысқа қатысты.

Сирияға қатысты Астана келіссөздерінің он екінші кезеңінде Идлибтің жағдайы, босқындар мәселесі, гуманитарлық жағдай және Конституциялық комитет құру тақырыптары келіссөздердің басты өзегі болды. Осы отырыста сириялық босқындардың өз елдеріне қайтып оралуы және осы ел халқына гуманитарлық көмек жіберу қажеттігі қуатталды. Қызыл крест ұйымы делегациясының болуы да Сириядағы гуманитарлық жағдайға көбірек көңіл бөлінуіне себеп болды. Астана келіссөздерінің он екінші отырысында Конституциялық комитеттің мүшелері туралы келісім жасалған сыңайлы. Конституциялық комитет туралы қарама-қайшылық бұрынғы отырыстарда Астана келіссөздерін ілгерілетуге кедергі болған ең маңызды түйткілдердің бірі болды. Өйткені, жаңа Конституция немесе қазіргі Конституцияны өзгерту Сирияның болашақ саяси жүйесінің түрін өзгертумен қоса, билік бөлінісі мен елдің билік құрылымындағы топтардың үлесін де айқындайды. Конституциялық комитеттің мүшелері 2018 жылдың соңына дейін таныстырылуы тиіс болған, бірақ бұл жөнінде келісімге қол жеткізілмеді.  Он екінші отырыстың соңында сириялық оппозиционерлер делегациясының басшысы Ахмад Тома Астана отырысында Сирия Конституциясын жасайтын комитет мүшелерінің есімдеріне қатысты келісім жасалғанын мәлімдеді.

Астана келіссөздерінің ең маңызды жетістіктерінің бірі Сирияда қақтығыс азайған аудандарды құруы болды. Бұл төртінші отырыста қабылданып, Сирия үкіметінің лаңкестік топтарды жеңуі мен адами апаттың азаюына айтарлықтай әсер етті. Иран мен Ресей Сирияға қатысты Астана келіссөздерінде көрнекті рөл атқарып келе жатқандықтан, АҚШ осы отырысқа қарсы басты елдердің бірі болып отыр. Бұл ел отырыстардың нәтижесіз аяқталуы үшін көптеген бүлдіргі әрекет жасады. 

 

Тегтер