Нұр-Сұлтанда Қазақстан-Венгрия стратегиялық кеңесінің үшінші отырысы өтті
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i41978-Нұр_Сұлтанда_Қазақстан_Венгрия_стратегиялық_кеңесінің_үшінші_отырысы_өтті
Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан-Венгрия стратегиялық кеңесінің үшінші отырысы саяси, экономикалық және мәдени салалардағы екіжақты қарым-қатынасты кеңейту жолдарын талқылау мақсатында өтті.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Maм 01, 2019 15:12 Asia/Almaty
  • Нұр-Сұлтанда Қазақстан-Венгрия стратегиялық кеңесінің үшінші отырысы өтті

Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан-Венгрия стратегиялық кеңесінің үшінші отырысы саяси, экономикалық және мәдени салалардағы екіжақты қарым-қатынасты кеңейту жолдарын талқылау мақсатында өтті.

Кеше сейсенбі күні Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов пен Венгрия Қаржы министрі әрі Премьер-министрінің орынбасары Михая Варгидің төрағалығымен екі елдің стратегиялық кеңесінің  отырысы өтті. Отырыста екі елдің сауда, экономика, инвестиция салаларындағы ынтымақтастықтарына ерекше назар аударылып, ауылшаруашылық, әскери және техникалық, оқу-тәрбие, фармацевтика, қаржы, мұнай-газ және ядролық өнеркәсіп салаларындағы байланыстар Қазақстан  мен Венгрия келісімдерінің негізі бөлімдері ретінде аталды.

Қазақстан – Венгрия стратегиялық кеңесі екі елдің саяси, сауда және экономикалық қарым-қатынастарын кеңейту мақсатында 2015 жылдан бері өткізіліп келеді. Қазақстанда 60-тан астам компания Венгрияның инвестициясымен жұмыс істейді.